Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында Ақтөбе заң институтының 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне жәна Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шарасы өтті.Салтанатты жиынға институт басшылығы, Кеңес Одағының батыры М. Бөкенбаевтың қызы Шахизада Жанзакова, ІІО ардагерлері, курсанттар мен тыңдаушылар қатысты. Институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев жеке құрамның ер-азаматтарын мерекемен құттықтап, …
1 курс 101топ курсанттарымен бірге “Barbq” демалыс орталығында тамаша күн өткіздік!Табиғат аясында демалып, бірлігімізді бекемдеп, өзара қарым-қатынасымызды нығайттық.Әр сәтіміз жылы күлкіге, достыққа және естен кетпес әсерлерге толы болды.Бірлік бар жерде – береке бар!Бірге өткізген әрбір сәт – үлкен жетістіктердің бастауы!
Ақтөбе заң институты Полиция департаментімен, ҚАЖ департаментімен, МКҚБ-мен және Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектептің «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларымен бірлесіп, Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін Әлия Молдағұлова атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған концерт ұйымдастырды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында полиция майоры Ш. Жайлаубаеваның ұйымдастыруымен алғашқы кәсіби даярлық курсының 9 оқу тобының тыңдаушылары «Қамқорлық» менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын абаттандыру мақсатында петуния гулдері мен жеміс ағаштарын отырғызып, орталық алаңның көркейуіне өз үлестерін қосты.
|