17.03.2020
2020 жылғы 17 наурызда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты институт бастығының орынбасары С.М. Сейфуллин және санитарлық бөлімшенің дәрігер-терапевті Г.Т.Балгаеваның ұйымдастыруымен ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында санитарлық дәрігер, Ақтөбе облысы ПД госпиталі бактериялды лабораториясының меңгерушісі А.С. Абрамов ауыспалы және жеке құрамға коронавирустың алдын алу және одан қорғану тәсілдері бойынша дәріс жүргізді.
Дәріс барысында курсанттар және институт қызметкерлері өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақ қойып, оларға тиесілі жауап алды.
Санитарлық бөлімшенің дәрігер-терапевті Г.Т.Балгаева












