25.03.2022
ІІО ведомстволық оқу орындары бақ сынасты
25 наурызда ҚР ІІО-ның құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу шеңберінде алғашқы кәсіптік даярлық курстарының мәртебесін жоғарлату мен жауынгерлік рухты көтеру мақсатында Шымкент қаласының ІІМ оқу орталығында ІІМ ведомстволық оқу орындарының арасында командалық жарыстар өткізілді.
«Жаңа Қазақстан» жаңару мен жаңғыру жолына бағытталған салтанатты іс-шараның қадірлі қонақтары: ІІО–ның Аса қадірменді ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып, алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларының жауынгерлік дайындығын тамашалады.
Жарысқа қатысушы командалар әскери эстафета, футзал, тапаншадан атудан өзара мықтыларды анықтап, жүлделер жиынтығын сарапқа салды. Құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарының беделі сынға түскен кешенді жарыста М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының құрама командасы футзалдан және әскери эстафетадан үздік үштікке еніп, жүлделі орындарға иелік етті. Институт сапынан тыңдаушы Күнтұған Сейдулла әскери эстафетада жеке шеберлігімен көзге түсіп, «Үздік жауынгер» номинациясына лайық деп танылды.
Мұндай жиындар болашақ полицейлердің патриоттық рухының қалыптасуына, әскери істің қыр-сырын жетік меңгеруіне, имидждік, моральдық тұрғыда шыңдалуына, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға оң әсерін тигізетіні анық.
Құрама командамызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!












