Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Команда құру мақсатында моральдық-психологиялық климатты жақсартуға арналған тренинг өткізу

22.02.2020

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні топ жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушысы полиция майоры Т.Е.Бисенова арнайы бастапқы оқыту курсы бойынша 13-взвод тыңдаушылары арасында команда құру мақсатында моральдық – психологиялық климатты жақсартуға арналған тренинг өткізді.

Жүргізілген жұмыс топта қалыптасқан қатынастарды, іскерлік ынтымақтастықтың сипатын және өмірдің маңызды құбылыстарына қатынастарын көрсетті.

Сонымен қатар, тыңдаушылармен күн тәртібі, оқу жағдайы, әскери-қызметтік талаптар туралы сұрақтар қарастырылды. Жетекшілік сабақ соңында взвод қыздары взводтың ер балаларын құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Осылайша, тыңдаушылар арасында жақсы қарым-қатынасты сақтауға деген позитивті жағдай қалыптасты.

КПДжІІОБ афедрасының оқытушысы

полиция майоры

Т.Е.Бисенова