Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кітапхана

22.12.2022

Кітапхананың  қызметі институт Жарғысына, кітапхана ережесі мен жоспарына және басқа да нормативтік актілеріне сай ұйымдастырылған.

Кітапхананың штат саны – 3 қызметкерді құрайды: кітапхана меңгерушісі Зинегүл Нұртайқызы Қарасаева, кітапханашылар  Сәуле Оразбекқызы Джабасова және Мирамгүл Нүрбеқызы Стамғазы .

Қазіргі таңда кітапхана қорында 56552 дана кітап бар ,оның ішінде 14706 данамемлекеттік тілде.  Кітап қорының құрастыруы мен сақталуы, оқырмандардың сұраныстары толық және жылдам қамтамасыз етілуі оңтайлы жолға қойылған.

Соңғы 5 жылда кітап қоры  4053 дана кітап,оның ішінде мемлекеттік тілде 2619 дана кітаппен толықты. Кітапхананың кітап  қоры жыл сайын жаңартылып, профессорлық-оқытушылар құрамының өтінімдеріне және институт профиліне сәйкес,  кітап баспаларына тапсырыс беру арқылы толықтырылады,   және басқа мекемелерден кітапханаға сый ретінде ұсынылған кітаптар, сондай-ақ институттың профессорлық-оқытушылық құрамы да айтарлықтай үлес қосады.

Институт кітапханасының пайдаланушыларына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің толық спектрін құрайтын автоматтандырылған «Zan» деректер базамен танысуға мүмкіндік бар және институт кітапханасы 2018 жылдан бері Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханамен (РМЭБ) кілісімшарт арқылы басқа оқу орындары кітапханаларының кітаптарымен онлайн танысып, оқу процессінде пайдалана алады.

Институт оқытушылары мен тыңдаушыларға оқу барысында пайдалану үшін интернет желісіне қосылған компьютерлер бар. Оқу залында мерекелік атаулы күндерге кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізіледі. Кітапхана оқу жылы бойы тыңдаушыларға, профессорлық-оқытушылық құрам және институт қызметкерлеріне  қызмет көрсетеді.               Институт кітапханасы қала кітапханаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сондай-ақ С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасы, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ Ақтөбе филиалымен екіжақты келісімшарттар жасалған. Аталған кітапханалардың кітап қорын пайдалануға мүмкіндік бар. Жоғарыда көрсетілген кітапхананың міндеттері мен функцияларын орындай отырып, институттың білікті мамандар дайындау мақсатында кітапхананың қосар үлесі зор. Институт кітапханасының алға қойған мақсаты: кітап қорын мемлекеттік тілде толықтыру, заманауи технологияларды еңгізіп ары қарай жұмыс жасау.