24.06.2019
2019 жылғы 22 маусымда «Алихан» спорт кешенінің алаңында Ақтөбе облысының 23-29 жас аралығындағы жастары арасында Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығының кубогына кіші футболдан жарыс өтті.
Аталған шараға Хромтау, Қобда, Ырғыз, Алға, Темір, Шалқар, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Ойыл аудандарының, Ақтөбе облысының жастар ресурстық орталығының және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жас қызметкерлерінен құрылған командалар, жалпы алғанда 8 адамнан құралған 12 команда қатысты.
Жарыстың ашылуында мемлекеттік гимн орындалып, ту көтерілді.
Жарыстың бас төрешісі Руслан Байжанов ойын ережелерімен таныстырды.
Әрбір команданың ойыншылары жеңіске деген үлкен жігер танытты. Жинақталған ұпай сандарымен 1-орынға «Шалқар» командасы шықты, 2-орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы иеленсе, 3-орынға «Қобда» командасы табан тіреді.
Қатысушыларды Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі К.Нұрмағамбетов грамоталармен марапаттады.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Н.А.Таласбаев










