28.09.2023
2023 жылғы 25-28 қыркүйек аралығында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамымен «Процессуалдық даярлық» пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын жетілдіру мақсатында, Ақтөбе облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығына алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушылары үшін шығу сабақтары ұйымдастырылды.
Сабақ барысында кинология орталығының қызметкерлері тыңдаушыларға кинолог жұмысының ұйымдастырылуымен, орталықтың учаскелік полиция инспекторларымен, жедел-тергеу бөлімшелерімен, криминалист мамандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібімен таныстырды.







