Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Киберқауіпсіздік

22.09.2025

КОҚҰ кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Н. Сисенов, Ақтөбе облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ж. Шагиров және №4 жалпы білім беретін мектеп басшылығының қатысуымен оқушылар мен мұғалімдерге алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында интернет алаяқтығы, жеке деректерді иемдену, өзге адамның атына онлайн несие рәсімдеу секілді қауіптер туралы айтылып, “дропперлерді” пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың тәсілдері түсіндірілді. Сондай-ақ, банк картасы мен жеке деректерін үшінші тұлғаларға берудің заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.