Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КЕЗЕКТІ АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

15.01.2024

Полиция қызметінің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбеюде. 15 қаңтарда Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (2 ай) ішкі істер органдарына іріктеуден өткен үміткерлер қабылданды.