Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кездесу.

25.10.2021

2021 жылғы 25 қазанда идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімімен, институт қызметкерлеріне, курсанттары мен тыңдаушыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Д. Абекеновпен, «Ақтөбе-Адалдық алаңы» кеңсе жобасының басшысы Қ.С. Серікжановпен және кеңсе жобасының сарапшысы А.Б. Тәжімұратовпен кездесу ұйымдастырылды.

Спикерлер мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы аясында түсіндірме жүргізіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарының, заманауи білім мен еңбек нарығының талаптары жөнінде сөз қозғалды.

Кездесу барысында тыңдаушылар тарапын қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері аясында еркін пікір алмасу өткізілді.

Қонақтарға институт бастығының міндетін атқарушысы атынан алғысхаттар табыс етілді.