Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кепілдіктерді босату бойынша шеберлік сабағы

19.06.2019

Қазақстан Республикасының 2019-2021 жылдарға арналған ІІО-н жаңғырту жөніндегі Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында, жаңа форматтағы полицейді дайындау бойынша ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында екінші рет, атап айтқанда 2019 жылы 18 маусымда Ақтөбе облысының ЖҚБД қызметкерлері арнайы бастапқы оқыту курстарының тыңдаушылары үшін бағытталған практикалық сабақтар өткізді. Тұтқындарды босату, қарулы лаңкестерді залалсыздандыру және ұстау бойынша шебер-класс көрсетілді.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша террористер тобы ғимаратты басып алды және күзетке қарсы күресуге кірісті. Күзеттен босатыла алмағандықтан лаңкестер ғимаратқа келушілерді кепілдікке алды. Олар кепілдікке алынғандармен бірге үй-жайлардың бірінде жасырынып, саяси сипаттағы талаптар қойды. Оқу-жаттығу барысында тыңдаушыларға аумақты оқшаулау, бақылау пункттерін жабдықтау, барлау қызметін жүргізу, террористермен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ нақты жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің инновациялық әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, тактикалық маневрлерді жүзеге асыру бойынша бөлімшелердің іс-қимыл алгоритмдері көрсетіліп, ауызша түсіндірілді.

Институтпен ұйымдастырылып отырған осындай оқу-жаттығулар барысында тыңдаушылар кепілге алынған адамдарды босату, сондай-ақ қарулы террористерді залалсыздандыру және ұстау бойынша жауынгерлік операцияларды жүргізу кезінде іс-қимыл тактикасын пысықтайды. Жаңа форматтағы полиция қызметкері төтенше жағдай орын алған кезде адамдарға көмекке келуге, арнайы техникалық құралдарды пайдалана білуге, іс-әрекеттің нақты алгоритміне сәйкес дұрыс шешім қабылдауға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, психологиялық тұрақты болуға және келген қауіптің алдын алуға, өз борышын барынша тез әрі тиімді орындауға дайын болуға оқытады.

Сөз соңында Ақтөбе облысы ПД ЖПБ қызметкерлеріне және кішкентай кепілгерлер болған “Жас сақшы” полиция кадет сыныбының оқушыларына алғыс айтқым келеді.

Курс бастығының орынбасары

полиция майоры

Р.Ракишев