Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты қабырғасында өткізілген Ғылым және ғарышкерлер күніне арналған «Қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференцияға қатысу туралы

5.04.2019

2019 жылдың 4 сәуірінде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты қабырғасындаҒылым және космонавтика күніне арналған «Қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 «А» курс курсанттары қатысты, қатардағы полиция Р. Кошкарова «Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану»,  қатардағы полиция А. Жеңісов «Курсанттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру», қатардағы полиция Г. Маликова «Жастар және ғылым», қатардағы полиция  А.Сүндетқалиева «Білім беру сапасын арттыру — Қазақстанның индустрияландырудың және инновациялық дамуының негізі» тақырыбындағы баяндамаларын қатысушыларға ұсынды.

Конференцияның мақсаты — қоғамның әлеуметтік дамуы мен білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ ғылыми презентация дағдыларын дамыту. Модератор ретінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Н.Росколодько сөз сөйледі және өзінің «Әскери этика» атты кітабын таныстырды.

Соңында курсанттарға институт бойынша экскурсия жүргізілді, одан олар жағымды эмоциялар алды.

ЖББП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Ә. Ж. Жарасхан