18.12.2025
Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаевтың төрағалығымен есепті жылға арналған қызметтік іс-қимылдың қорытындысын шығару мақсатында кеңейтілген жедел кеңес өтті. Жедел кеңес отырысына институттың барлық жеке құрамы қатысты.
Іс-шара барысында институт бастығының кадр және тәрбие жұмысы, оқу және ғылыми қызмет, оқу-саптық бөлінісі, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлары толық баяндама жасады. Баяндамаларда институттың қызметінің басым бағыттары, қызметтік тәртіптің жағдайы, «Заң және тәртіп» қағидасының жүзеге асырылуы, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, оқу процесін ұйымдастыру деңгейі, ғылыми қызмет және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша институт бөлімшелерінің есепті кезеңдегі қызметі жан-жақты бағаланды, келесі жылға арналған басым бағыттар мен нақты тапсырмалар белгіленді. Олар «Заң және тәртіп» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асыруға, заңдылықты қатаң сақтау мен құқық тәртібін нығайтуға, қызметтік тиімділікті арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге және институтты одан әрі дамытуға бағытталған.















