Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Казакстан Республикасы Конституциясынын реформалары мен сайлау жуйесі» такырыбымен денгелек стол өткізілді

8.11.2022

2022 жылғы 7 қарашада ЖЗП кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.З.Нұрыш және аға оқытушы полиция майоры Р.Н. Джигитова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткізілген «Қазақстан Республикасы Конституциясының реформалары мен сайлау жүйесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырылды. Кездесуге «Қазақстан заңгерлер одағының» бастамасымен құрылған республикалық «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері, белгілі заңгер- ғалымдар Қазақстан заңгерлер одағы Астана филиалының төрағасы С.Беркамалов, штаб мүшесі профессор, Е.Б.Абдрасулов., И.Аубакирова, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық – оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары, студенттері, Қазақ-Орыс халықаралық университеті және С.Байшев атындағы Ақтөбе университетінің профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты. Кездесуде сайлау процесі бойынша конституциялық өзгерістердің өзекті мәселелері, сайлау жүйесі туралы мемлекетте болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық процесстердің көрінісі, мемлекеттің жүргізген саясатына халықтың жауап ретіндегі реакциясы туралы айтылды.  «Адал сайлау үшін» республикалық штабының мүшелері қатысушыларға ҚР сайлау туралы заңын түсіндірді. «Қазақстандық заңгерлер одағы» жанынан алғаш құрылған штабтың басты мақсаты Конституция талаптарына сәйкес алдағы сайлауға, сондай-ақ еркін, ашық және адал рәсімдерге, саяси бәсекелестікке, сайлау технологияларын іске асыруда заңдылықты сақтауға негізделген жаңа Қазақстандағы алғашқы сайлау процесін ақпараттық, әдістемелік және консультациялық сүйемелдеуге жәрдемдесу болып табылады.