Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Карттар күні және ұстаздар күні мерекелеу

2.10.2021

1 қазанда Қарттар күні  және Ұстаздар күні мерекелеріне орай институт қабырғасында салтанатты шара өткізілді. Институт бастығының міндетін атқарушысы полиция полковнигі А.Б.Байсултанов ІІО ардагерлерін және профессорлық-оқытушылық құрамды  атаулы мерекелермен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік бұйрық жария етіліп, оқу орынның өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан институттың ардагерлері алғыс хаттармен, жетістікке жеткен оқытушылар грамоталармен марапатталды.

Аталған шарада институттың профессорлық оқытушылар құрамы арасында оқу-әдістемелік  жұмысының деңгейін көтеру, қолайлы жағдай туғызу жолымен профессорлық оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетінің белсенділігін арттыру және оқытушылардың әрі қарай кәсіби дамуын көтеру мақсатында 2020-2021 оқу жылында өткізілген “Институттың үздік оқытушысы” сайысының қорытындысы жарияланып, институттың келесі үздік оқытушылары грамоталармен марапатталды:

1 орын

– полиция полковнигі Саханова Нелли Талаповна, қылмыстық құқық, қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының бастығы;

– полиция полковнигі Есмамбетова Жанат Минбаевна, кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының бастығы;

– полиция подполковнигі Ибраева Айгуль Касымбековна, жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы;

2 орын

– полиция подполковнигі Махмутов Амангали Сугирович,                   ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры;

– полиция полковнигі Маланьина Людмила Сергеевна, ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті;

– полиция подполковнигі Нұрыш Зина Зинелқызы, жалпы заң пәндері кафедрасының доценті;

3 орын

– полиция подполковнигі Церковнова Елена Андреевна, қылмыстық құқық, қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы;

– полиция подполковнигі Салимов Алмат Абатович, кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы;

– полиция капитаны Каирбаев Жарас Каирбаевич, дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.