1.11.2023



Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің жұмысы оқу орнының бос лауазымдарын кәсіби кадрлар мен уақтылы және сапалы түрде алмастыру, ішкі тәртіпті қамтамасыз ету, қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік және жеке құраммен жұмысты іске асыратын институттың құрылымдық бөлімі болып табылады.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімін полиция подполковнигі Курманова Айгуль Еркиновна басқарады. Кадр қызметінде жеке құрамды жасақтау, іріктеу және орналастыру, оқу орны қызметкерлерінің қабілеттерін толық және ұтымды пайдалануда үлкен жауапкершілік жатыр. Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бастамашыл және шығармашылық қызметі үшін жағдай жасайды. Осы бағыттағы жұмыстармен жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім аға инспекторы полиция майоры Амантаева Лунара Ерсултановна, аға инспектор-психолог полиция капитаны Исламгалеева Мадина Расуловна, инспектор-психолог капитан полиции Бердіғалиева Ақтолқын Нұрлыбайқызы, инспектор Бисембина Гульбаршин айналысады.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес институттың профессорлық-оқытушылық және басшы құрамының қызметтік және жауынгерлік даярлығы бойынша теориялық және практикалық сабақтар жоспарланады және өткізіледі. Жұмыстың осы бағытына кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі аға инспектор полиция майоры Жакслыков Нурбол Аргинович жауапты.
Тактикалық-арнайы командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізу барысында жеке құрамның азаматтық қорғаныс міндеттерін орындауға және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға жедел-техникалық дайындық деңгейімен практикалық дағдылары жетілдіріледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері :
– мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру; ішкі істер органдары қызметтері мен бөлімшелерінің кадрларымен жұмыс жағдайын зерделеу және талдау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін жинақтау және тарату;
– ұйымдастырушылық және типтік құрылымдардың саны мен дамуын есептеуге мүмкіндік беретін қызметкерлердің оңтайлы нормативтік жүктемелерін, институт құрылымын жетілдіру бойынша шараларды қызметтермен және кафедралармен бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
– ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеудің, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруінің тәртібі мен шарттарына қойылатын бірыңғай талаптарды орындау, олардың іске асырылуына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
– институт кадрларын жинақтау, іріктеу және орналастыру, қызметте кадрларды бекіту бойынша шараларды жүзеге асыру; жоғарылатуға резерв қалыптастыру, онымен жоспарлы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
– білім деңгейі бойынша ішкі істер органдары кадрларының сапалық құрамын жақсарту;
– кадрларды кәсіби даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру, тәлімгерлік мүмкіндіктерін және жеке құраммен жұмыс істеудің басқа да нысандарын пайдалану арқылы институт қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру;
– Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарындағы білім беру саласында мемлекеттік саясат талаптарын орындау;
– кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін құру, дамыту және оны пайдалануды ұйымдастыру, деректер мен статистикалық есептілік базасын қалыптастыру;
– кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету;
– ішкі істер органдары мен олардың бөлімшелерінде кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу және сүйемелдеу.







