7.10.2021
2021 жылдың 6 қазанда қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі С.М. Минайдаров Ф.Оңғарсынова № 41 мектеп-гимназиясындағы кадет сынып оқушыларына “Криминалистика негіздері” пәні бойынша практикалық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында криминалистика негіздері және оқиға болған жерді тексеру тактикасы, оқиға орнындағы іздер мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алу негіздері қарастырылды. Оқытушы практикадан мысалдар келтірді, оқушылардың қосымша сұрақтарына жауап берді, жеке тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшеліктеріне назар аударды, сабақ қызықты түрде өтті.











