Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КАДЕТ СЫНЫПТАРЫНА ИНСТИТУТ ТҮЛЕГІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

19.02.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы заң институтының бастамасымен Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында жасөспірімдерді құқық қорғау қызметіне баулу мақсатында кадет сыныптары құрылды.
Бұл жоба мектеп оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелеуге, балаларда құқықтық дүниетанымды кеңейтуге, жоғары рухани-адамгершілік пен моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға, болашақ мамандығын таңдауға ықпал етеді.

17 ақпан күні аталған білім беру мекемелерінің арасында өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мақсатында екі тараптың басшылығы Меморандумға қол қойылып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан институтымыздың түлегі полиция лейтенанты Мейрамбек Нұрділләұлы Рахматуллаевтың есімі берілген кабинеттің ашылу рәсімі өтті.

Мейрамбек Рахматуллаев 2016 жылы Алматыдағы полиция бөлімшесіне жасалған террористік шабуыл кезінде көз жұмды. Президент Жарлығымен «Айбын» орденімен наградталды.

Мұндай жұмыстар кадеттерді өз елінің адал азаматы болуға баулып қана қоймай, бейбіт күннің батырларын танып жүруге ықпал етері сөзсіз.