Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Көліктегі Полиция департаментінің Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне өткізілген тәжірибелік сабақ

8.07.2019

Жаһандану жағдайларында ІІМ жүйесіндегі кәсіби біліктілікке үлкен талаптар артылуда, ақпараттық даму заманының қарқынды өзгерістеріне ІІО-ның қызметіне қызметкерлерді даярлау, қызметкерлерлердің қызметін атқару барысында, төтенше жағдайларда, кәсіби білімін басшылыққа ала отырып шұғыл, тиімді және тез арада шешім қабылдап мәселенің шешілуін қамтамасыз етуді, яғни «Жаңа форматтағы» полиция қызметкері тек ғана теориялық базалық білім емес, өмір ағамының кез кеген сынақтарына, кәсіби даярлығымен қатар психологиялық төзімділік таныта отырып, медициналық алғашқы көмек көрсетуге дайындығымен ерекшеленді.

2019 жылғы 5 шілдеде Көліктегі Полиция департаментіне қарасты Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығының қолдауымен «Тактикалық-арнайы дайындық» бойынша дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық, психологиялық көмек, көрсету тәжірибелік дәріс сабағын өткізді. Дәрісті өткізушілер Қызыл ай қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының қызметкері Тажибаева Замзагуль Аюповна, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Нелли Талапқызы Саханова, жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Жайнагүл Айсұлтанқызы Жукаева және қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Зарина Амангелдіқызы Мухангалиева.  Дәріс өткізу барысы шынайылыққа барынша сай болуымен, әртістік шеберлікпен, қобалжулар мен абыржу хәлдерін, сынық, сіңірдің созылуы, күйік шалғанда, үсік шалғанда, уланғанда, күн сәулесінен, электр тоғына түскенде, зардап шегушіні тасымалдау және жасанды дем беру, жүрек тұсын уқалау әдістері мен тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сабақ барысында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, баяндаушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын меңгерді. Дәріс аяқталғаннан соң желілік полиция бөлімінің басшылығы қонақтарға өз алғыстарын білдіріп, әрі қарай жұмыстарына толағай табыстармен жетістіктер тілеп, осындай дәрістерді кезең-кезеңімен тұрақты жүргізіліп тұру керек екендігін айтып кетті.

ҚПжК кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

З.А.Мухангалиева