Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу

7.06.2025

2025 жылғы 02-07 маусым аралығында еліміздің барлық облыстарынан келген Көліктегі полиция департаментінің жолаушылар пойыздарына ілесіп жүретін батальон қызметінің инспекторларына Заң мен тәртіп идеологиясын ілгеріту аясында «Көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.
Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді. Курс соңында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.