19.10.2017
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында ІІО қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес практикамен байланыс бөлімінде кәсіптік және қосымша білім факультеті арнайы бастапқы оқыту курсының тындаушыларына Ақтөбе облыстық ІІД Жедел криминалистикалық басқармасына және Жедел-басқару орталығына шығу сабақтарын өткізуге байланысты институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Даулетияровтың атынан Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Ж. Калиакпаровқа 2017 жылдың 09 қазандағы №5-4/85 хатын жолдадық. Жоғарыда аталған хатқа байланысты ІІО қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану пәні бойынша оқыту сапасын көтеруді есепке ала отырып, «Интегралдық мәліметтер банкі», «Папилон», «Образ++», «Гильзотека» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі бойынша тәжірибе мен теориялық білімдерді нығайту мақсатында кәсіптік және қосымша білім факультеті арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына 2017 жылғы 17-18 қазанда Ақтөбе облысы ІІД жедел криминалистикалық басқармасына және жедел-басқару орталығына шығу тәжірибелік сабақтарын өткіздік.
Сабақ өткізу кезінде Ақтөбе облысы ІІД Жедел криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі К. Ділмағамбетов және Ақтөбе қалалық ІІБ Жедел-басқару орталығының бастығы полиция майоры А. Джумакулов тыңдаушыларға тәжірибелік тұрғыда ІІО байланысты қолданылатын бағдарламалардың түрлерімен таныстырды. Мысалы, «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық іздеу жүйесі бағдарламасы бойынша қылмыскерлердің және қылмысқа қатысы бар деген тұлғалардың саусақтарынан таңба алуды үйретті, яғни, ешқандай арнайы химиялық заттарды қолданбай-ақ, қазіргі заманға сай ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, оның химиялық және физикалық формулаларын анықтайды.
«Портрет» автоматтандырылған биометрикалық ақпараттық іздеу жүйесі бағдарламасы қылмыскерлердің және қылмысқа қатысы бар тұлғалардың субъективтік портретін құру үшін қолданылады.
«Гильзотека» автоматтандырылған баллистикалық ақпараттық іздеу жүйесі бағдарламасы қылмыс болған жердегі оқ-гильзаларды анықтау үшін қолданылады, сонымен қатар, «Спрут» баллистикалық құрылғысымен таныстырды.
Ал Ақтөбе қалалық ІІБ Жедел-басқару орталығының бастығы полиция майоры А. Джумакулов тыңдаушыларға барлық орталықтағы құралдармен, яғни фото-бейне камералармен және «Интегралдық мәліметтер банкі» бағдарламасымен толық таныстырды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметінде қолданылатын бағдарламалардың түрлерімен, атқаратын қызметтерімен, сол бағдарламаларға байланысты ІІМ бұйрықтарымен таныстырды. Тыңдаушылар түсінбеген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алып отырды. Кәсіптік және қосымша білім факультетінің алғашқы арнайы дайындық курсы тыңдаушылары Ақтөбе облысы ІІД Жедел криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі К.Б. Ділмағамбетовке және Ақтөбе қалалық ІІБ жедел-басқару орталығының бастығы полиция майоры А. Джумакуловқа сабақты өте жақсы түсіндіргені үшін алғысын білдірді.
Қылмыстық процесс
және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Бүркітбаев Қ.А.