Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы

22.12.2022

Кафедра доценті полиция полковнигі

Көлбаев Сәкен Базарбекұлы,

2022 жылдың қазан айынан бастап, кафедра бастығының м.а. лауазымында.

Кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі

Салимов Алмат Абатұлы

Кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі

Мендыбаева Сания Аманжолқызы

Кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі

Сагинтаева Асель Айдосқызы

Кафедра оқытушысы полиция майоры

Такетова Кенже Дуйсенбековна

Кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты

Шамғанова Ақмарал Ерболатқызы

Кәсіби психологиялық даярлық және ІІОБ кафедрасының шығу тарихы

        Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы №975 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасын қайта ұйымдастырып,оның базасында Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы құрылды. Қазіргі уақытта КПДжІІО басқару кафедрасы ғылыми және білім беру қызметінде маңызды рөл атқарады. Оның құрамында 6 адам қызмет атқарады. Кафедра бастығының міндетін атқарушы доцент полиция полковнигі Көлбаев Сәкен Базарбекұлы, аға оқытушылар — полиция подполковнигі Салимов Алмат Абатұлы, полиция подполковнигі Сагынтаева Асель Айдосқызы, полиция подполковнигі Мендибаева Сания Аманжолқызы, кафедра оқытушылары — полиция майоры Такетова Кенже Дүйсенбекқызы, полиция аға лейтенанты Шамғанова Ақмарал Ерболатқызы.

Кафедра функциялары:

  1. ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін оқу процесіне және құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне енгізу;
  2. ғылыми басылымдар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды дайындап, оқу процесіне және практикалық қызметке енгізу;
  3. білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
  4. болашақ қызметкерлердің тұлғалық және кәсіби сапасын дамыту және қалыптастыру мақсатында (танымдық қаситтерді, көш басшысы әлеуетін, қатынастық өкілеттерді, төзімділікті жетілдіруге бағытталған) психологиялық тренинг өткізу;
  5. қызметкерлермен күйзеліс жағдайындағы, психологиялық тұрақтылық, өзара қарым-қатынас психологиясы мәселелері бойынша жеке кеңес беру жұмыстарын жүзеге асыру.
  6. білім алушылардың өз бетімен және білікті шешім қабылдап, іске асыра алуын қалыптастыру;
  7. білім алушылардың отансүйгіштік, азаматтылық, жоғары өнегелік және инабаттылық сезімін қалыптастыру;
  8. білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуға ынталандыру;
  9. білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдап алған мамандығына құндылықты көңіл бөлуін қалыптастыруға мүмкіндік беретін кафедраның профилі бойынша тақырыптық іс-шаралар өткізу;
  10.  орта жалпы білім беру мектептерінде, техникалық және кәсіби білім, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында оқитын білім алушыларға кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу;
  11. кәсіби қызметтегі объектілермен психодиагностикалық, психокеңестік және психотүзету жұмыстарын жүргізу;
  12. оқу-тәрбиелік жұмысын жасау;
  13. ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу.

Кафедра міндеттері:

  1. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік және басқа да жұмыстарын қамтитын перспективті және жылдық жоспарына ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізуге;
  2. Кафедра отырыстарында кафедраның барлық қызмет түрлері бойынша талқылау, талдау және шешім қабылдауға, кафедра отырыстарында қабылданған шешімдер кафедра қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті болып табылады;
  3. Институт басшыларының тапсырмаларынан туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 

4)Институт басшыларының нұсқауларын, Ғылыми кеңестің, Институт бастығының қатысуымен өткізілетін жедел мәжілістің, Оқу-әдістемелік кеңестің, кафедра отырыстарының шешімдерін нақты және уақытылы орындау;

5) оқу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлерін сапалы өткізу;

6) ғылыми-зерттеу жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және нәтижелерді оқу процесіне және ішкі істер органдарының практикалық қызметіне енгізу;

7) заңнамаларда қарастырылған басқа да міндеттерді орындау. 

Дөңгелек үстел

       2023 жылдың 22 қыркүйегінде Кәсіби психологиялық  даярлық және ІІО басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының ПД инспекторы , «Малика» дағдарыс орталығының директоры, ІІО бөліністерінен оқуға келген ювеналдық полиция қызметкерлері сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу.  

Отбасы күніне өткізілген іс- шара

10 қырқүйекте – Отбасы күні кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында тыңдаушылар отбасы құндылығы мен міндеті турлы өз ойларын ортаға салып пікір таласты.

Сауалнама

      2023 жылдың 8 қыркүйегінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» ғылыми зерттеу жұмысы аясында кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушы құрамы Ақтөбе қаласы желілік полиция станциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып Теміржол вокзалында азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түсіндірме жұмыстары мен сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен ата-аналары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау» бағытында сауалнама ұйымдастырылды.

2023 жылы 28 мамырда 6 оқу тобының кураторы полиция капитаны К.Д.Такетова тыңдаушыларға Ақтөбе тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.

2023 жылы 7 қыркүйекте 13 оқу тобының кураторы полиция капитаны К.Такетова Тіл күніне байланысты кураторлық сағат өткізді.

2023 жылы 15 мамырда кафедра оқытушысы полиция капитаны К.Такетовамен «психологиялық дайындық негіздері» пәнінен тәжірибелік қызметкерді қатыстыра отырып, тәжірибелік сабақ өткізілді.

2023 жылдың ақпан айында институт басшылығының ұйымдастыруымен қала сыртындағы демалыс орнында «Тимбилдинг» өтті. Мақсаты: ұжым арасында бірлікті, ынтымақтастықты арттыру. Тимбилдинг барысында шаңғы жарысы ұйымдастырылып, кафедрамыздың аға оқытушылары полиция подполковнигі А.Сагинтаева мен полиция подполковнигі А.Салимов белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Кафедра жетістіктері:

Кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасынның аға оқытушысы полиция подполковнигі Алмат Абатович Салимовтың келесідей оқу құралдары жарияланған:

  1. Заңгердің кәсіби этикасы пәнінен ситуациялық тапсырмалар мен сұрақтар жиынтығы. Оқу құралы. А.А.Сәлімов, А.А.Өмірзақова. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2015. – 63 б. ISBN 987-601-7883-29-4
  2. ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі психология пәнінен дәрістердің қысқаша курсы: оқу құралы/А.А.Сәлімов. – Ақтөбе:

3. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, 2016. –  99 б. ISBN 978-601-7810-37-5

4. Заң психологиясының негіздері пәнінен дәрістердің қысқаша курсы: оқу құралы/А.А.Сәлімов. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2016. –  80 б. ISBN 978-601-7883-20-1

5. Заңгердің кәсіби этикасы пәнінен тест сұрақтар жинағы: оқу-тәжірибелік құралы/ А.А.Сәлімов, А.А.Өмірзақова. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2016. – 63 б. ISBN 987-601-7883-29-4

6. Құқық қорғау қызметінің психологиясы тесттік сұрақтар жинағы. Оқу-тәжірибелік құралы/ А.А.Сәлімов. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2017. –  88 б.  ӘОЖ.159.9:351.7.(075.8)

7. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруда қызметкерлерді және азаматтарды психологиялық дайындау. Оқу-тәжірибелік құралы. – А.А.Сәлімов. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2017. –  79 б. ISBN 978-601-7944-19-3

8. Саясаттану: Тест сұрақтарының жинағы. А.А.Сәлімов. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2017. –  97 б. ӘОЖ.159.9:323.2

9. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдер. Оқу құралы. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2019. –  44 б. ӘОЖ.88.4+74.58

10. Профайлинг әдісі арқылы құқыққа қайшы ойлары бар адамдарды анықтау. Оқу құралы. А.А.Салимов, А.А.Сагынтаева. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2023. –  68 б.

Кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасынның аға оқытушысы полиция подполковнигі Сания Аманжолқызы Мендыбаеваның  келесідей оқу құралдары жарияланған:

1.ІІО қызметкерлерінің сөйлеу мәдениеті. Оқу-әдістемелік құралы. С.А.Мендыбаева. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2016. – 47 б      

2.Қазақ тілі . Жаттығулар жинағы. С.А.Мендыбаева, Ш.Ө.Смағұлова. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2019. – 122 б. ISBN 978-601-7944-66-7

3. Халықпен өзара іс-қимылдың сервистік өзара тәсілдерін енгізу. Оқу-әдістемелік құралы. С.А.Мендыбаева. – Ақтөбе: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атын. Ақтөбе заң институты, 2022. – 82 б. ISBN 978-601-7200-88-6

Кафедра перспективалары:

      Кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының басты бағыты ІІО тыңдаушылардың кәсіби психологиялық қасиеттерін дамыту, психологиялық тұрғыда тұрақтылыққа, ұстамдылыққа, сабырлыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар қызмет барысында кездесетін экстремалдық жағдайларға төтеп беруге және жылдам шешім қабылдауға бейімдеу. Профаилинг әдісін қолдана отырып, қылмыскерді,күдіктіні анықтай білуге үйрету. Дау-жанжалды шешуде психологиялық тұрғыда шешім қабылдауға үйрету. Мақсаты: тыңдаушыларды тәжірибелік жұмысқа дайындау, бағыт-бағдар беру.

Байланыс телефоны: 8-777-967-93-77

Жұмыс телефоны: 129