4.08.2021
2021 жылғы 3 тамызда көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі А.А. Белов және көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция майоры Н.А. Думов Ақтөбе қаласы ПБ БПП қызметінің инспекторлары полиция аға лейтенанты А. Н. Манкаевпен полиция лейтенанты К. Б. Бисеновтың қатысуымен алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен “Кәсіби даярлық” пәні бойынша практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында тыңдаушыларға жол қозғалысын реттеу, көлік құралын тоқтату, тыйым салынған заттардың бар болуы мен олардың тасымалдануына тексеру жүргізу көрнекі түрде көрсетілді. Тыңдаушыларға осы іс-шараларды өткізу ережелерімен танысып қана қоймай, оларды өз бетінше өткізуге мүмкіндік берілді.
Институт басшылығы Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшылығына және Ақтөбе қаласы ПБ БПП командиріне, полиция подполковнигі Е.Е. Шуқановқа практикалық сабақ өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.












