Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кәсіби даярлық факультеті

29.06.2022

2022 жылдың 29 маусымда  кәсіби даярлық факультетінің аға оқытушы-әдіскерлері полиция майорлары Ж.Ж.Аксакова және А.А.Мыштаева, инспектор-психологі полиция лейтенанты І.Таңатаровамен бірлесіп алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары үшін «Емтихан сессиясына тыңдаушылардың дайындығын оңтайландыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеттері тыңдаушыларға емтихан сессиясына дайындықтағы қиындықтарды сауатты жеңуге көмектесетін қажетті дағдыларды, сессия кезінде өзін-өзі ұстай білу қабілетін, эмоционалды жағдайын реттеуге арналған психологиялық құралдарды беру.

Семинар-тренингте белгілі бір мақсаттарға жету үшін дұрыс қадамдар болып табылатын емтихан сессиясына дайындықты оңтайдалдыру бойынша түрлі психологиялық әдістер мен тәсілдер талқыланып, ойнатылды, сондай-ақ семинар-тренинг тақырыбы бойынша тиісті кеңестер берілді.