Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ішкі істер органдарының қазіргі кезеңдегі ұйымдастырылуы мен қызметі: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

27.10.2021

2021 жылғы 22-26 қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында онлайн форматта «Ішкі істер органдарының қазіргі кезеңдегі ұйымдастырылуы мен қызметі: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға институттың ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры А.С.Махмутов №4 секцияның модераторы ретінде  «Қорғау нұсқамасы» тақырыбындағы, Зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы, з.ғ.к. А.Ф. Саттарова «Психологические причины семейно-бытового насилия» тақырыбындағы баяндамаларымен қатысты.

Конференция соңында  қатысушылар баяндамалары бойынша  пікірлерімен бөлісіп, қазіргі уақыттағы полиция форматының мәселелері туралы ұсыныстарын  білдіріп, ұйымдастырушыларға және Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының білім беру ұйымдарының қатысушыларына алғыстарын білдірді.