Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» атты құқықтық форум өтті.

20.10.2022

2022 жылғы 19 қазанда Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» атты құқықтық форум өтті.

Ауқымды шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратурасы, әділет министрлігі,  ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар  мен ҮЕҰ қатысты. 

Шараның мақсаты қазақстандық қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін – жазалау шараларын, дағдарыс  орталықтарының санын көбейту, құқықтық ұйымдар мен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуді нығайту туралы талқылау болды.​