Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институттың ауыспалы құрамы арасында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі дәріс

4.11.2017

2017 жылғы 03 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында институттың ауыспалы құрамы арасында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері ақпарат және білім беру бөлімінің бас маманы азаматтық қорғаныс подполковнигі Хамида Аманжолқызы Ищанованың қатысуымен  жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесі өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізді.            

Дәріс барысында курсанттарға келесі ұғымдар түсіндірілді:

– өрттен қорғау;

– өрттің негізгі себептері;

– бастапқы өрт сөндіру құралдарының түрлері;

– өртті сөндірудің негізгі ережелері мен әдістері;

– өрт сөндіргіштермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптары.           

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері дәріс өткізу барысында ауыспалы құрамға өрт сөндіргішті пайдалану туралы, кернеуі 1000В аспайтын электр қондырғыларының жануы кезіндегі іс-әрекеті жайында түсіндірді. Сонымен қатар, нұсқама өткізу барысында өрт қауіпсіздігі бойынша ЛЭД экранда бейнеролик көрсетілді.             

Курсанттар өз ерекшеліктеріне сәйкес, яғни, казарма бөлмелеріндегі өрт қауіпсіздігі, арнайы техниканы сақтау қоймаларында және жеке қорғау, күнделікті нарядты, оның ішінде асханаға арналған нарядты өткізу кезінде өрт болған жағдайда курсанттардың іс-әрекеттері туралы сұрақ қойды.                    

Дәріс соңында  институт бастығы атынан өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыбында дәріс (нұсқаулық) өткізуге қолдау көрсеткені үшін Төтенше жағдайлар департаменті бастығына және дәрісті өткізуге атсалысқан Хамида Аманжолқызына алғысхат берілді.   

 

 

Жоспарлау, үйлестіру және бақылау

бөлімшесінің бас маманы

полиция капитаны

М.Б.Елеусизова