4.12.2021
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас мамандар дайындау жайында «Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл- қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет» деген сөздерін ескере отырып, институт 120 түлектерін ішкі істер органдарынының қатарына қызметке аттануы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 3 желтоқсанда 4 курс (2018 жылғы жиынтық) курсанттарына аймақтарға бөлу жөніндегі комиссия отырысы онлайн форматта Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты Департаментінің бастығы полиция полковнигі О.Ж.Жолдасовтың қатысуымен өтті.
Отырысқа әр аймақтың Полиция департаменттері кадр саясаты жөніндегі бастықтары мен орынбасарлары қатысты.











