Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарында оқытудан өткендігі туралы

24.06.2019

Ағымдағы 2019 жылдың 17 маусымы мен 22 маусымы аралығында қылмыстық іс жүргізу және криминология кафедрасының оқытушысы полицияподполковнигі М.С.  Құмақбаева мен жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.А. Меңдібаева Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенова атындағы Қарағанды академиясы базасында өткізілетін біліктілікті арттыру курстарында оқыды.

Оқыту барысында оқытушылар американдық “төңкерілген сынып” оқыту әдістемесімен, оқыту экспериментінің теориясымен, тыңдаушылармен жұмыс кезінде психологиялық тәсілдер мен дәлелдерді қолдану ережелерімен танысты. Іскерлік ойындар мен коммуникативтік менеджмент, басқару теориясы мен тәжірибесі түрінде сабақ өткізудің жаңа инновациялық әдістерін меңгеріп алды. Сонымен қатар, “Presi.com” және “Moody” компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеу дағдылары алынды. Полиция және жоғары білікті мамандарды даярлаудың жаңа форматы бойынша арнайы бастапқы оқыту курстарының тыңдаушыларын оқыту әдістемелеріне және формаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, 2019 жылы 20 маусымда Ресей Федерациясының ІІМ Барнаул заң институтының Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Сорокина А.Г. “Дәріс сабақтарын өткізу әдістемесі” тақырыбы бойынша онлайн-лекцияға қатысты.

2019 жылдың 21 маусымында курсанттарды ойын түрінде оқыту әдістемесінің мәселелерін жоюға бағытталған біліктілікті арттыру курсы аясында білім алушыларға арналған квест өткізілді, көптеген мәселелер шешілді.

Сонымен қатар, біліктілікті арттыру факультетінің әдіскерлері жарты ғасырлық тарихы бар Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Оқытудан өту кәсіби педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс дағдыларын игеруге және ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті. Ғылым докторлары мен кандидаттарынан құралған профессорлық-оқытушылар құрамы бұдан әрі біз практикалық қызметте қолданатын өздерінің практикалық тәжірибелері мен білімдерімен бөлісті.

Жалпы білім беру пәндері

кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                   

Мендыбаева С.А.