21.10.2020
2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығы, полиция полковнигі Ақан Есетұлы Кабдуев институт Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Валерий Александрович Сюняковті туған күнімен құттықтады.
Полиция подполковнигі Сюняков Валерий Александрович, 1983 жылғы желтоқсан айынан 1997 жылға маусым айына дейін Ақтөбе облысының ІІБ-де әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. 1997 жылғы маусым айынан 2001 жылғы сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжінің әскери және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарған. 2000 жылдан бері Ардагерлер кеңесінің мүшесі, 2019 жылы институт Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты басшылығы, жеке құрамы Валерий Александровичті туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған ұзақ өмір, зор денсаулық, шаттық пен жақындарының амандығын тілейді.
ИЖБ аға инспекторы
полиция майоры
З.Мухангалиева










