Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт қабырғасында Қалалық әскери-патриоттық «Әкелер мен ұлдар» слёті өтті

23.11.2017

       2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының іскер әйелдер қауымдастығы мен «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысы бойынша Қалалық әскери-патриоттық әкелер мен ұлдар слётін өткізді.  Шараның мақсаты-бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін арттыру, отбасы институттарын нығайту және қоғамның назарын тиісті деңгейдегі отбасылық тәрбиеге аудару болып табылады.

     Спорттық сайыстарға алдын ала өтініштерін берген қаланың № 41 ОМ, Ақтөбе қаласының Ясное селолық ОМ, № 5 ОМ, № 15 ОМ, № 32 ОМ,

№ 51 ОМГ жалпы білім беретін мектептердің командалары және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары қатысты. Командалардың құрамына аталған мектептердің        10-11 класс оқушылары әкелерімен бірге және курсанттар кірді.

       Шараның бірінші бөлігінде спорттық сайыстың ашылуы болды. Слеттің ашылуында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев барлық қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының іскер әйелдер қауымдастығын осы шараны ұйымдастыруға атсалысқандығы, ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, шараның жастар бойында патриоттық сезімдерін және отбасы алдындағы жауапкершілік сезімдерін арттыруға ықпалы мол екендігін атап өтті.

      Келесі кезекте Ақтөбе қалалық мәслихаттың хатшысы С.П.Шынтасова, қоғам қайраткерлері, жергілікті басқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері құттықтау сөздерін арнады. Сонымен бірге, қалалық «Еркемай» мектепке дейінгі білім беру ұйымының жас бүлдіршіндері, мектеп оқушылары және институт курсанттарының  бірлескен концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылды.

    Слёт жұмысының барысында отбасы институтын нығайту және әкенің отбасылық тәрбиедегі рөлін арттыру, балалардың бойында азаматтық патриотизмді қалыптастыруға қоғамның назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа баулу, жоғарғы класс оқушыларын мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыру, қоғамдық сананы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңғырту үшін білімге деген құштарлықты арттыру сұрақтары талқыланды.  Қатысушылар әкелердің балалардың, жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне қатысуы, олардың әлеуметтік маңызы, әкелер мәселелері мен оны шешу жолдары, жауапкершілікті әкелер буынын тәрбиелеу, өз үлгісімен балаларды оқыту сұрақтарын қарастырды.

     Ашылу салтанатынан соң қатысушылар спорт залына ауысып, командалар сапқа тұрғызылды. Спорттық стартты «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары полиция полковнигі З.Т.Истляуп жүргізді.

    Сайыстың қорытындысы бойынша №15 ОМ командасы 1-орынға көтерілді, Ақтөбе қаласының Ясное селолық ОМ 2-орынға табан тіресе, №32 ОМГ командасы 3-орынды місе тұтты. Ұйымдастырушылар тарапынан спорттық шараның жеңімпаздары мен қатысушылары кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат  бөлімшесі