Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Инспекторларға арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді

23.04.2022

Ағымдағы жылдың 22 сәуірде жалпы заң пәндері кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.Нұрыштың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №3 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Сарсенова Сандуғаш Серікқызымен Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығына біліктілікті арттыру курсына келген жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларына «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың  құқықтарын қорғауды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы» тақырыбындағы дәріс сабағы өткізілді.

Дәріс барысында учаскелік полиция инспекторлары тараптарынан қызметтік қажеттіліктер қызмет барысындағы туындайтын, яғни заманауи ақпараттық порталдардағы электронды жүйе бойынша сот кабинеттеріне жүгіну мәселелері туралы қозғалып, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандармен қаралатын сот процестері бойынша негізгі кезеңдер және сот процесіне қатысушы міндетті тараптар туралы маңызды ақпараттармен тәжірибе алмасты.