Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Б. Жаманов тәжірибелі қызметкерді оқу процесіне тарту туралы есебі.

11.02.2020

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі А.Е. Кабдуев 2020 жылды «Білім беру сапасын арттыру жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының ұйымдастыруымен оқу процесінің практикалық бағыттылығын қамтамасыз ету және кәсіби мамандарды тарта отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 11 ақпанынында бастапқы кәсіптік даярлық курсының 3 топ тыңдаушыларына Павлодар облысы бойынша  ПД УПИ қызметінің  аға инспекторы полиция подполковнигі Ахметов Султан Сансызбаевич «Кәсіби даярлық» пәнінен тәжірибелік сабақ өткізді.  Сабақ барысында тыңдаушылар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, білікті маманның жауаптарын алды.

Сонымен қатар, тәжірибелік сабақ барысында Ахметов С.С. практикалық қызметтің ерекшеліктерін атап, қолданыстағы заңның өзгерістері мен толықтыруларына тоқталды. Оған қоса қазіргі заман талабына сай заңдылықтарды қатаң сақтауға, адамдардың құқықтары мен заңды мүделерінің бұзылуына жол бермеу керектігін атап өтті.

Осындай бағыттағы сабақтар практика мен теорияны жақындастырып, тыңдаушылар  таңдаған мамандықтарды сапалы игеруге көмектеседі.

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры                                                              

А.Б. Жаманов