11.10.2017
2017 жылғы 10 қазанда 101(В) оқу тобында ІІО қызметкерлерінің сөйлеу мәдениеті пәнінен ашық семинар сабағы өтті. Семинар сабағының тақырыбы – «ІІО қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебі».
Семинар сабағының мақсаты – ІІО қызметкерінің кәсіби қарым- қатынасында сөйлеу әдебінің түсінігін қалыптастыру.
Семинар сабағында екі негізгі сұрақ қарастырылды:
- ІІО қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебі.
- Кәсіби қарым-қатынастың әлеуметтік психологиялық заңдылықтары.
Берілген сұрақтарды қарастыруда курсанттар тергеушілер мен айыпталушының диологін көрсетті, мұнда кәсіби қарым-қатынастағы жағымсыз жақтары ашық көрінді: әдепсіз қарым-қатынас, дөрекілік, жаргон, паразит сөздерді қолдану және т.с.с. Сонымен курсанттардың өзімен кәсіби қарым-қатынаста және сөйлеу әдебін сақтамауда өрескел қателіктері көрсетілді. Сонымен қатар, курсанттармен қызметтік жағдайларды шешуде әртүрлі шешімдер ұсынылды. Кәсіби қызметтегі азаматтармен болатын әртүрлі ситуациядан шығудың ең қолайлы жолын анықтау үшін сюжетінде кәсіби қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын есепке алатын видеороликтер көрсетілді.
Аталған іс-шара курсанттардың кәсіби қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктерін тануды іске асыруда одан әрі қызығушылықтарын арттырды.
Жалпы білім беру пәндері
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Г.Ж.Уайсова