5.07.2017
2017 жылы 5 шілдеде Жалпы білім беру пәндері кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес осы кафедра оқытушысы, полиция капитаны А.Ж.Қиюбектің ашық сабағы өтті. Сабақ алғашқы әскери даярлық курсының тыңдаушыларымен «ІІО қызметкерлерінің мәдени-адамгершілік және рухани дамуы» пәнінен «ІІО қызметіндегі кәсіби қарым-қатынастағы этикалық сұрақтар» атты тақырыбында, сыныптық-топтық әдістеме бойынша жүргізілді. Яғни, білім алушыларды толық сабаққа қатыстыру мақсатында оқу тобы үш топқа бөлінді. Топ бойынша олар ситуациялық тапсырмаларға жауап берді, сонымен қатар шет елдік және қазақстандық ІІО қызметкерлерінің қоғамдық орындарда жұмыс атқару барысында нысанды киімді бұзуы немесе әдептілік сақтамауы көрсетілген суреттермен жұмыстар жасады. Мұндай суреттерге сыртынан қарап олар тағы бір рет ойлануға мүмкіндік алды. Оқытушының тыңдаушылармен кері байланысы болды, олар әрбір сұрақты қызу талқылап, қызметтік әдепке байланысты өз сұрақтарын да қойды және сонымен қатар оқытушымен бірге қорытынды жасап отырды. Айта кету керек, қызметтік әдеп ІІО қызметкерлері үшін де өте маңызды. Сабаққа қатысқан оқытушылар мен институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Д.Даулетияров сабақтың өз мақсатына жеткендігін айтып, оқытушыға алғысын білдірді.