Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі виктимизация көрінісі мен динамикасы мәселелері бойынша дәріс

13.11.2020

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының концепциясын іске асыру бойынша  іс-шаралар жоспарының «Кәсіби виктимизация» тармағын  орындау мақсатында, білім беру және әлеуметтік насихаттау, алдын алу бағытындағы «Қауіпсіз мінез-құлық моделі» жобасы аясында 2020 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО кәсіби-психологиялық даярлық және басқару кафедрасының бастығы полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова мен кафедраның аға оқытушысы полиция подполковнигі А.А.Салимов Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан №6655  әскери бөлімінің  қызметкерлеріне ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі виктимизация көрінісі мен динамикасы мәселелері бойынша дәріс өткізді, сондай-ақ, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қалыптастыру бойынша оқыту тренингтерінің кешені өткізілді.

ІІО кәсіби-психологиялық даярлық және басқару

кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                          

А.А.Салимов