Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Халықаралық ынтымақтастық аясында тәжірибе сабағы мен дөңгелек үстелді өткізу туралы

24.03.2018

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ЖІҚ кафедрасының ұйымдастыру шараларының бекітілген жоспарына сәйкес, халықаралық ынтымақтастық аясында 2018 жылғы21 наурызда сағат 09.00-10.30 аралығында Ресей Федерациясы ІІМ Краснодар университеті ЖІҚ кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Андрей Алексеевич Сафронов институт басшылығы және ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен институттың 1Б курсы 103- оқу тобының курсанттарына «Жеке тұлғаларға қатысты тонау мен қарақшылық жасауды ашу» тақырыбында сабақ өткізді.

Алғы сөз институт бастығының оқужұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Дастан Амангелдіұлы Дәулетияровқа берілді.

Сабақ жақсы оқу-әдістемелік деңгейде өтті және өз мақсатына жетті. Сонымен қатар, сабақ аясында Ресей Федерациясы ІІМ Краснодар университетінің курсанттары дайындаған бейнеслайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және курсанттар жеке тұлғаларға қатысты тонау мен қарақшылық жасаумен байланысты қылмыстарды ашу саласынан қосымша мағлұматтар алды.

Тәжірибелік сабақ аяқталған соң, сағат 10.30-11.30 аралығында «Негізгі діни ағымдарды зерттеу аясында жедел іздестіру қызметі бойынша оқытуды жетілдіру» тақырыбына ғылыми зерттеу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде ЖІҚ кафедрасы қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды, негізгі діни ағымдарды зерттеу аясында жедел іздестіру қызметі бойынша оқыту сұрақтары талқыланып, олар бойынша ұсыныстар енгізілді.

Халықаралық ынтымақтастық пен жоғары оқу орындарымен байланыс саласында институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары,заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Ғалия Жанабекқызы Сулеймановаға институттың беделін көтеру және Қазақстан полициясының тұтас алғанда жемісті еңбегіне үлкен үлес қосқаны үшін ерекше алғысты айтқымыз келеді.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ЖІҚ кафедрасының бастығы, з.ғ.м., полиция подполковнигі Такежан Есентайұлы СүлейменовРесей Федерациясы ІІМ Краснодар университеті ЖІҚ кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Андрей Алексеевич Сафроновқа халықаралық ынтымақтастық саласында әрі қарай жемісті еңбек ету және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстақызмет атқару, сонымен бірге, ТМД елдері ІІО жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында құпия емес оқу құралдарынтапсырды.

 

ЖІҚ кафедрасының доценті

з.ғ.м., полиция подполковнигі

М.Ж.Найманбаев