Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Халықаралық ынтымақтастық

24.06.2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Ғалымжан Молдабекұлы Есболаев пен Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясының бастығы Хатамов Рустам Абдуғаниевич арасында ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды. Келісім екі елдің құқық қорғау саласындағы кадрлар даярлау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған.
Бұл келісім құқық қорғау саласындағы кадрлар даярлаудағы тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, оқыту әдістемелерін жетілдіру, сондай-ақ курсанттар мен оқытушылардың алмасу бағдарламаларын іске асыру сияқты бағыттарды қамтиды. Тараптар бірлескен конференциялар, семинарлар, тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізуге келісті.