28.02.2019
2019 жылғы 27 ақпанда сағат 09:00-09:40 аралығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы және дәрістер мен білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу аясында Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко1 А курс 104, 105 – оқу топтарына «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша «Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау және құқық қорғау органдарының қызметі» тақырыбында семинар сабағын өткізді, онда келесідей екі сұрақ қаралды:
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ұғымы мен мәні
– Адам және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жіктемесі;
– Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру тетігі.
2. ҚР Құқық қорғау қызметінің ұғымы, бағыты және негізгі шарттары
- ҚР Құқық қорғау
органдары мақсаты.
- ҚР Құқық қорғау органдары қызметінің жүргізілуі.
- ҚР Құқық қорғау органдары қызметінің белгілері.
- ҚР Құқық қорғау органдары қызметінің субьектілері.
- ҚР Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыты.
Сағат 09:00 мен 10:30 аралығында 1 Б курсы 102 – оқу тобында «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «Халықаралық процесс» тақырыбы бойынша дәріс сабағы өткізілді, онда келесідей 2 сұрақ қарастырылды:
1)Шетелдік тұлғалар қатысатын азаматтық істер бойынша іс жүргізу;
2)Шет мемлекеттiң юрисдикциялық иммунитетi және олардың меншiктілігі.
2 А курсы 204,205 – оқу топтарында сағат 10:40 пен 11:20 аралығында «Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы» (ерекше бөлім) пәні бойынша «Мердігерлік шарты және Мүлікті тегін пайдалану шарты (ссуда)» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді, сабақта келесідей 3 сұрақ қарастырылды:
- Мердігерлік шартының ұғымы мен түрлері;
- Мердігерлік шартының элементтері;
- Мердігерлік шартының мазмұны. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие берушi).
Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Е.И.Максименкомен пәндер бойынша зерттелетін материалды шолу негізінде тақырыптармен қамтылған мәселелер алдыңғы өткізілген сабақтардың материалдарымен логикалық байланыс орнатылды және пәннің оқу жұмыс бағдарламасына толықтай сәйкес келеді. Дәрістің құрылымы түсінікті, дәріс барысында барлық жоспарланған сұрақтар қарастырылды. Дәрістің уақыты ұтымды түрде бөлінген. Дәріс оқушы көрсетілген материалдар бойынша еркін сөйледі, қолданыстағы ұғымдарды дәлелдеу үшін фактілер келтіріп, тәжірибелік жұмыстардың мысалдарымен түсіндірді.
Дәріс материалының таныстырылымы электронды слайдтар түрінде мультимедиалық сүйемелдеумен жүргізілді, онда қаралған тақырыптар сызбалар, диаграммалар мен графиктер түрінде айқындалды, бұл курсанттардың жаңадан зерттелген материалдарын қабылдауына және дамуына ықпал етті. Дәріс тақырыбының кейбір аспектілерін түсіндіру үшін тақта қолданылды. Дәрістің түрі қызықты, жанданған, сөйлеу мәдениеті өте жоғары. Материалды ұсыну барысында аудиториямен кері байланыс орнату және жинақталған білімді бекіту мақсатында оқытушы барлық аудитория бойынша қаралып жатқан мәселелерді талқылауға курсанттардың қатысуына назар аударды.