Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семинар сабағын өткізу туралы

1.03.2019

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы және дәрістер мен білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу аясында Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименкомен 2019 жылғы 28 ақпан күні 09:00-09:40 сағат аралығында 1 Б курсы 102-оқу тобында «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінен «Халықаралық процесс» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізіліп, онда келесідей 3 сұрақ қарастырылды:

  1. Шетелдік тұлғалар, ұйымдар және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтық сот істеріне қатысуының құқықтық жағдайы;
  2. Шетелдік тұлғалар қатысатын Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыреті;
  3. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау.

Сағат 09:50 мен 10:30 аралығында 2 А курсы 204, 205-оқу топтарында «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (ерекше бөлім) пәнінен «Мердiгерлiк шарты және мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие берушi)» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді, онда келесідей 3 сұрақ қарастырылды:

  1. Мердігерлік шартының ұғымы мен түрлері;
  2. Мердігерлік шартының элементтері;
  3. Мердігерлік шартының мазмұны.Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие берушi).

Осы күні сағат 14: 30-дан 16: 00-ге дейін Орынбор мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқығы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко институтта бастаушы оқытушылар мектебіне шеберкласс өткізді.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі З.Нұрыш