Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Халық каһарманы»Ғазиз Байтасовтын ерлігін жастарға насихаттау

11.11.2022

Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығы жолында жанкештілік танытып, өшпес ерлік жасаған батырлардың есімін ұлықтау, олардың ерлігін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру қашанда айбынды парызымыз болып саналады. 

Осыдан 11 жыл бұрын террористік шабуылдың алдын алу кезінде жарылғыш затты өз денесімен жауып азаматтардың амандығын сақтап қалып өмірден өткен «Халық қаһарманы» полиция капитаны жол полициясы жеке батальонының взвод командирі Ғазиз Байтасовтың ерлігі ешкімнің жадынан өшкен жоқ.

Идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімімен елдің есінде сақталатын ер есімін жастарға насихаттау мақсатында Қазақ орыс халықаралық университетінің студенттеріне  институт мұражайында экскурсия жүргізіп, бейбіт күннің батырына айналған тұлғаның батылдығы мен ерлігіне шолу жасады. 

Кейін болашақ заңгерлер  институт аумағын аралады. Атап айтсақ саптық алаңдағы, атыс тиріндегі тәжірибелік сабақ барысымен, криминалистикалық полигон мен кримтехзертханадағы эксперт құрылғыларымен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар институт оқытушылары құқық қорғау қызметіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, тағылымды пікірлерін ортаға салды.