Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Халық Қаһарманы” полиция капитаны Г. Байтасов қаза тапқан 10 жылдығына арналған шағын футболдан жарыс

1.10.2021

“Халық Қаһарманы” полиция капитаны Г.Байтасовтың қаза болуына 10 жылдығына арналған 2021 жылдың 1 қазанында институттың дене шынықтыру кафедрасы офицерлер, алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары және кәсіби дайындық факультетінің 4 курс курсанттары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырыл+ды.

Іс-шараның мақсаты дене шынықтыруды дамыту және спорттық рухты көтеру болды.

Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсултанов құттықтау сөз сөйлеп, полиция қызметкерлері уақыттың жаңа талаптарына сай болуы, сауатты және білімді болуы және сөзсіз физикалық тұрғыдан жарамды болуы тиіс екенін атап өтті, қатысушыларға табыс, сондай-ақ адал қызықты ойын тіледі.

Футбол алаңындағы тартысты жекпе-жекте соңғы минуттарда жеңімпаздар анықталды. Жарыстың жеңімпаздары “Арлан” командасы – алғашқы кәсіби дайындық курсы тыңдаушыларының құрама командасы, екінші орынды “Динамо” командасы – 4 курс курсанттары, үшінші орынды “Алға” құрама командасы – офицерлер құрама командасы иеленді. Салтанатты түрде командалар кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ДД кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Ибраева А.