Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау облысы полиция департаменті, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы үш жақты меморандумға қол қою

17.07.2019

2019 жылғы 16 шілдеде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Г. С. Жарасованың, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қ. Б. Үмбетқалиевтің және Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі А. М. Сайтбековтің арасында үшжақты меморандумға қол қойылған кездесу өтті.

Меморандум жасаудың мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу және заңтану саласының болашақ мамандарын тәжірибелік-бағдарлы оқыту. Іс-шара аясында осы оқу жылының басынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында «Құқықтық тәртіп» оқу орталығын ашу жоспарлануда, оның міндеті — ынтымақтастық және ішкі істер органдары жұмысының істеудің тартымдылығын арттыру; Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлектері мен заң институтында бастапқы кәсіби даярлықтан өтуге ниет білдірген Атырау қаласының жоғары оқу орындарының заң факультеттері студенттерінің санын арттыру болып табылады. Аталған бастама білім беру ұйымдары мен жұмыс берушінің болашақ мамандарды кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша тығыз қарым-қатынастарының жемісі болып табылады. Білім алушы оқу үрдісінің  бастапқы кезеңдерінде полицей ретінде кәсіби қызметіне кірісе алады.