14.04.2026
2026 жылғы 14 сәуір күні институттың 30 жылдық мерейтойына орай практикалық қызметкерлерді тарту кестесіне сәйкес, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.Н.Бердигалиева 1 курс магистранттарына «Құқық философиясы» пәнінен дәріс сабағын өткізді.
Дәріске Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушылары, философия докторлары (PhD) А.С. Дусипова, Б.С.Балапашев шақырылды.
Cонымен қатар халықаралық келісім-шарт негізінде академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Стамбул қаласындағы Қожаэли университетінен келген философия докторы (PhD) Халел Гунай және ЖББП кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Н.И.Каирова магистранттармен өз тәжірибесімен бөлісті.
Шараның негізгі мақсаты – магистранттардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, кәсіби құқықтық ойлауды дамыту және құқықтық теорияларды тәжірибемен ұштастыру.
Дәріс барысында құқық философиясының өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, магистранттар мен қонақтар арасында мазмұнды пікір алмасу өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Аталған іс-шара академиялық ұтқырлықты дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ заңгер мамандардың құқық философиясына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.












