Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Астанадағы Бағдарламалар Офисі өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

18.10.2022

Бүгін 18 қазанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Астанадағы Бағдарламалар Офисі өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. 

Алдымен институт бастығы полиция полковнигі А.Байсұлтанов делегация меймандарын оқу ордасымен таныстырды.

Шараның негізгі бөлімінде әскери-саяси сұрақтар бойынша аға кеңесші Ярослав Курек, әскери-саяси бөлімнің аға жобалық көмекшісі Михаил Асафов цифрлық заттай дәлелдемелермен жұмыс істеу кезінде ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, киберқылмысқа, қылмыстарға қарсы күресте Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы органдарының кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған жаңа жобаға қатысты баяндамаларын ұсынды. Бұл жоба кезең-кезеңімен  2025 жылға дейін бірқатар кешенді шараларды қабылдау арқылы іске аспақ. Оның ішінде халықаралық тәжірибені игеру, ұлттық тұжырымдаманы әзірлеу, құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ оқу орталықтарын жабдықтау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Институт басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы делегация мүшелерімен киберқылмыстың алдын алуға бағытталған профилатикалық жұмыстарға талдау жүргізіп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен жасалатын қылмыстарға қатысты сұрақтарды талқылады.