1.12.2021
2021 жылдың 30 қарашасында институт бастығының орынбасары, РhD докторы, полиция майоры Е.Қ.Балымовтың институттағы 6 ғылыми үйірме жетекшілерімен Коворкинг орталығында есептік кездесу өтті.
Сөз барысында үйірме жетекшілері өздеріне қойылған кең ауқымды сұрақтарды қамтып, атқарылған жұмыстар туралы баяндап, ЖОО-ның Білім және ғылым саласындағы одан әрі даму жоспарларын белгіледі.
Кездесу барысында 405 оқу тобының курсанттары Н.Ахмет және А. Афанасьеваға «Қылмыстық саясат және ақпараттық дәуірдегі қылмыспен күрес мәселелері» тақырыбындағы жоғары оқу орындары арасында онлайн форматта өткен студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.











