Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ерлік сабағы»

14.12.2020

2020 жылдың 12 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын орындау мақсатында ауыспалы құрамға Қазақстан Республикасы ІІО өз қызметтік міндеттерін адал атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Ерлік сабағы» өткізілді. Сонымен қатар, қызмет атқару кезіндегі ерліктері аталып өтті және 1 минут үнсіздік жарияланды.