18.09.2017
2017 жылғы 15 қыркүйекте «Ақтөбе – құтты мекен» акциясы аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» бағдарламасымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Мұғалжар ауданының өкілдері Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаев ұрпақтарымен салтанатты іс-шара өткізді.
Іс-шараның ресми бөлімі Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың ескерткішінің жанында басталды. Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Жеткергенұлы Данағұловпен институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Дастан Амангелдіұлы Дәулетияров ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Әрі қарай іс-шара институттың саптық алаңында жалғасты. Саптық алаңда Қазақстан Қарулы күштерінің жаяу теңіз әскерлерінің болашақ сарбаздары және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 курс курсанттары қоян-қолтық ұрысынан көрініс көрсетті. Институттың спорт залында институт курсанттары мен Мұғалжар ауданының қонақтары арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді. Қонақтарға институтқа экскурсия жүргізілді. Институттың мұражайындағы қолтаңбалар кітабына Батырдың қарындасы Зағипа Бөкенбаева ізгі тілектерін жазып қалдырды.
Одан әрі институт акт залына жиналған конақтар Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың туған-туыстары Зағипа Бөкенбаева, Сақыш Қоғабаева және Дина Бөкенбаевалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың қарындасы Зағипа Бөкенбаева батырдың ерлігі мен өмірі жайлы сөз қозғады. Курсанттар мен оқушылар оларға сұрақ қойып, өздерін сұрақтарына жауап алды.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева