- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
1997 жылдан бері 31 мамыр елде Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Бүгін, институт қызметкерлері және алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Ақтөбе қаласы Түйетөбе басында орналасқан жазықсыз жазаланғандарға арналған ескерткішке басында өткен іс-шараға қатысып, ата-баба рухына тағзым етті. Жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік …
28 мамырда 6 оқу тобының кураторы полиция капитаны К.Д.Такетова тыңдаушыларға Ақтөбе тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.
2023 жылғы 26-27 мамырда Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясында /Ташкент қ./ гибридті форматта «Сараптамалық-криминалистикалық қызмет: проблемалар, перспективалар мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ішкі істер органдары саласының жергілікті және халықаралық сарапшылары, ШЫҰ-ға мүше елдердің шетелдік ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Түркия, Оңтүстік Корея, Италия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Әзірбайжан, Беларусь Республикасының …
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында оқу ордамызда ұжымының моральдық ахуалын жақсартып, ауызбіршілігін нығайту мақсатында институт қызметкерлерінің жанұялары арасында “Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз!” отбасылық эстафета сайысы өткізілді. Бірнеше кезеңдерден құралған жарыс барысында – Кумакбаевтар отбасы “Өнегелі отбасы” номинациясына лайық деп танылды. – Сапаргалиевтер отбасы …
Институттың Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде полиция қызметінің түрлі әрекеттерімен тәжірибелік тұрғыда таныстырды. Аталмыш шараға Ақтөбе облысының Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағы, Жарылғыш-техникалық кешендегі “Арлан” арнайы жасағы мен Кинологиялық қызметі және Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция қызметкерлері белсенді қатысты.
Балаларды қорғау күні қарсаңында М.Дұлатұлы атындағы №63 орта мектеп-лицейінің кадеттеріне арнап “Ашық есік күні” өткізілді. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ полиция жұмысымен танысу және қауіпсіздік шараларын үйрету. Кадеттермен болашақ полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар, полиция жұмысының ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізілді. Оқу жылының аяқталуына орай кадеттер өз кезегінде …
26 мамырда Қиыр-Шығыс Федералды мемлекеттік әділет университетінде өткен «Индивидуальное регулирование правоотношений в сфере борьбы с преступностью» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелікконференция жұмысына Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің судьялары, жетекші құқықтанушылары қатысты. Конференция аралас (онлайн, офлайн, сырттай) форматта өтті. Оған институт атынан полиция полковнигі Н.Т. Саханова «Уголовная …
2023 жылдың 25 мамырында ана тілі мен әдебиетіне, туған еліне және тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ояту, тыңдаушылардың сөйлеу мәнерін дамыта отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында АКД 2-курс буынының қатысуымен халқымыздың ұлы кемеңгер, ойшыл ақыны, әдеби қазақ тілінің негізін қалаушы Абай шығармашылығына арналған «Абай тағылымы» …
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары үшін ұйымдастырылған тәжірибелік сабақ барысында кинология орталығының инспекторы, полиция аға лейтенанты М.У. Жамалов одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі мен ережелерін, тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ автокөлікті тексеру және тінту жүргізу кезінде есірткі құралдарын анықтау тәртібін көрнекі түрде көрсетті. ПД …
25 мамырда Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушы құрамы полиция подполковнигі Д.Р.Мырзабаева және полиция капитаны Қ.Салауатқызы Ақтөбе қаласының Тұңғыш Президенті саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жас жаяу жүргінші» Акциясын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерде көшелер мен жолдарда тұрақты дағдылар мен қауіпсіз мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Іс-шараға …
|
|