- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Ағымдағы жылдың 25 мамырында Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор, полиция подполковнигі Кайнар Ерболат Ержанұлымен еліміздің әрбір өңірлерінен біліктіліктерін арттыруға келген участкілік полиция инспекторлары қызметкерлеріне жоспардан тыс ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы қоғамда өзекті мәселелердің біріне арналған «ІІО қызметкерлерінің БАҚ-мен, блогерлермен және азаматтармен …
Мемлекеттегі радикализмнің алдын алу, діндегі идеологияны дұрыс бағытта қалыптастыру мақсатында “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығының теологы Тастанбек Разақовтың Институт жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды. Облыстағы радикалды ағымдардың жүйесін талдайтын орталықтың маманы “экстремизм” және “терроризм” ұғымдарына кеңінен тоқталып, оларға қарсы профилактикалық шаралардың жүзеге асуын түсіндірді. Сондай-ақ, радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін әсері жөнінде ой бөлісіп, …
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында тыңдаушылар топ жетекшісімен бірге “№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында” (қарттар мен мүгедектігі бар балалар) “Біз біргеміз” қайырымдылық акциясын өткізді. Аталған акция аясында тыңдаушылар аумақтарға тазалау жұмыстарын жүргізіп, көңілі құлазыған қарттармен әңгімелесіп, сонымен қатар балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті. Жоғарыда аталған мекемелердің әкімшіліктері институттың басшылығына қайырымдылық …
Жеке құрамды өз қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында апта сайынғы саптық жиында тұрақты түрде өткізілетін марапаттау рәсімінде институт бастығы полиция полковнигі Н.Мухамбеткалиев үлгерім нәтижесі жоғары әрі оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін үздік деп танылған оқу тобына қолдан қолға өткізу жалаушасын, сонымен қатар конференцияға қатысқан қызметкерлерге …
Қазақстанның ұлттық, әскери дәстүрлерін жалғастыру, ұлт мәдениеті бағытында тәлім-тәрбие беру мақсатында идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімімен алғашқы кәсіби даярлық курс оқу топтарының арасында саптық ән байқауы ұйымдастырылды. 27 мамырда өтетін саптық ән байқауы финалына іріктеуден өткен топтарға сәттілік тілейміз!
Антқа адал, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда өмір мен өлім қатар келген сәтте жанкештілік танытатын ержүрек полицейлердің ерліктері ұрпаққа үлгі. Осыған орай идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімі тыңдаушыларға азаматтардың қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиған полицейлер жайында мәліметтермен бөлісіп, олардың ерлігі туралы бейнероликті назарларына ұсынды. Бұл болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кеудесінде патриоттық рухтың …
19 маусымда Институтта әмбебап жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы, Азияның 3 дүркін чемпионы Мұратұлы Айболаттың тыңдаушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында спортшы көрме қойылымын ұйымдастырып, қорғаныс техникасын, шабуылдаушы және әмбебап жекпе-жектің аралас тәсілдерін көрсетті. Кейін ол тыңдаушылармен әңгімелесіп, оларға кеңестер беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары …
Ағымдағы жылдың 11 мамырында кәсіби даярлық факультеті қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) қолдана отырып, қысқартылған оқыту нысаны бойынша 3 курс (2020 ж. қабылдау) білім алушыларымен кездесу ұйымдастырды, оның мақсаты Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына даярлау болып табылады. Кездесуде білім алушылар Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібімен, Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесімен, бейіндік пәндер …
ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу жоспарына сәйкес 2023 жылғы 5 мамырда ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқартылған нысанда оқитын 3 курс тыңдаушыларының кәсіптік практикасын қабылдауды жүзеге асырды. ІІО-ның кәсіби міндеттерін іске асыру,полицияның әкімшілік қызметі саласында практикалық дағдыларды қалыптастыру,жеке адамның …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ғылыми-зерттеу қызметі жоспары аясында 2023 жылғы 4 мамырда жалпы заң пәндері кафедрасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Құқықтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты, Ақтөбе қаласының судьясы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құқықтану кафедрасының …
|
|